Ертең қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жұп Төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертең қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жұп Төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді

Ертең қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жұп Төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді

Ертең қытайлық Тайбэйде Төрт құрлық чемпионатының ашылуы өтеді. Онда өткен жылғы осы турнирдің жеңімпазы, Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен қатысады. бұдан басқа Қазақстаннан басқа да мәнерлеп сырғанаушылар бар, олар - 24 жастағы Дарын Жүнісов және 18 жастағы Анастасия Хромова.

  • 17 Ақпан 2016
  • 390
Фото - Caravan.kz

Жарыс қысқа бағдарламада 18 ақпанда, Астана уақыты бойынша сағат 10.45-те өтеді.  Ашылуы сағат 13.40-та. Еркін бағдарлама 19 ақпанда сағат 11.30-ға жоспарланған.

 «Настямен бір жарым жылдай бірге сырғанап жүрміз. Ол алғаш рет төрт құрлық чемпионатына қатысып жатыр. Мен үшінші рет бұл додада бақ сынамақпын. Бұл біз үшін маусымдағы маңызды жарыс. Сондықтан өзімізді жоғары деңгейде көрсетіп, жақсы нәтижеге жеткіміз келеді», — деді Жүнісов.

Денис Тен 19 ақпанда сағат 15.55-те қысқа бағдарламада, 21 ақпанда сағат 10.00-де — еркін бағдарламада  өнер көрсетеді.  Жарысты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера