Ертең Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертең Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

Ертең Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

Республика аумағының басым бөлігі циклонның және онымен байланысты атмосфералық ағынның әсерінде қалып отыр, соның салдарынан ауа райы жауын-шашынды болып, күн күркіреп, қатты жел тұруда. Жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.

  • 2 Маусым 2011
  • 587
Фото - Caravan.kz

Республиканың батыс өңірлері антициклонның әсерінде болады, ол жақта жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ал Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарында, күндіз Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында 15-22 метр/секунд жылдамдықта жел тұрады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аудандарында да 15-22 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 метр/секунд жылдамдыққа дейін күшейеді деп күтілуде. Маңғыстау облысының кей аудандарында да 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел тұрады, түнде және таңертең жағалауда тұман болады.

Елдің батысы мен оңтүстігінде барынша өрт қаупі сақталуда.

Соңғы жаңалықтар