Республиканың батыс өңірлері антициклонның әсерінде болады, ол жақта жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ал Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарында, күндіз Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында 15-22 метр/секунд жылдамдықта жел тұрады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аудандарында да 15-22 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 метр/секунд жылдамдыққа дейін күшейеді деп күтілуде. Маңғыстау облысының кей аудандарында да 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел тұрады, түнде және таңертең жағалауда тұман болады.
Елдің батысы мен оңтүстігінде барынша өрт қаупі сақталуда.