Ертеңнен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға көбейеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертеңнен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға көбейеді

Ертеңнен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға көбейеді

Ертеңнен бастап бюджет саласы қызметкерлерінің жалақылары 30 пайызға көтеріледі.

  • 30 Маусым 2011
  • 519
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылғы 6 ақпандағы Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан халқына Жолдауында бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен өсіру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге, оның ішінде 2009 жылы — 25, 2010 жылы — 25, ал 2011 жылы 30 пайызға арттыру қамтамасыз етілуі тиістігі көтерілген болатын. Үкімет жүктелген межеден шығып, 2009 және 2010 жылдары олардың жалақыларын 25 пайызға көтерген еді.

Ал үстіміздегі жылғы 28 қаңтардағы ҚР Президентінің «Болашақтың біргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Министрлер кабинеті ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы қабылдады. Аталған құжатқа сәйкес 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға, яғни 13613 теңгеден 17697 теңгеге дейін ұлғаймақ.

Соңғы жаңалықтар