«Ертіс алқабында орналасқан су қоймаларының тереңдігі 1,5-2 метр. Көктемде табиғатты қорғау мақсатында оларға су жіберілуі тиіс. Сол кезде балық аталған көлшіктерге уылдырық шашады да, жаз бойы шабақтар көбейеді. Бір жылдан соң олар сумен бірге Ертіске түсіп, балық қорын толықтырады», — дейді ол.
Бірақ, маманның айтуынша, былтыр көктемде су аз жіберілген. Сондықтан қоймалардағы судың тереңдігі 1,5 метрге де жетпей қалыпты. Тіпті, қысқа қарай кейбіріндегі судың деңгейі жарты метрден де төмендеп кетсе, кейбір су қоймалары мүлдем құрғап кеткен.
Салдарынан мұз қатқан кезде қоймалардағы балық ауа жетпей жаппай қырылып қалған. Былтырғыдай мұзды ойып, балыққа көмектесу мүмкін емес, дейді В.Троцко.
Маманның есептеуінше, балық қорын қалпына келтіруге 5 жылға жуық уақыт қажет.