Ертіс алқабында жас экотуристердің жарысы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертіс алқабында жас экотуристердің жарысы басталады

Ертіс алқабында жас экотуристердің жарысы басталады

Жұма, қыркүйектің 10-ы күні Ертіс өзенінің алқабында «Менің Отаным - Қазақстан» бағдарламасы бойынша Павлодар мектептерінің экотуристері арасында Х қалалық жарыстар басталады, деп хабарлады қалалық білім беру басқармасында.

  • 9 Қыркүйек 2010
  • 504
Фото - Caravan.kz

Үш күн бойы білім беру мекемелері мен білім беруден тыс мекемелердің, туристік клубтар мен Павлодардағы туристік секциялардың командалары бәйге алаңында балалардың жорықтарға дайындығын, шеберлігін, шатыр тігу мен жарақаттанған адамдарға алғашқы жәрдем көрсету дайындықтарын айқындайтын жарысқа қатысады.

Балалар «Таза жағалау» операциясын жүргізіп, жағалауды қоқыстардан тазартып, экотуристердің ән байқауына қатысады.

Экотуристер жарысын ұйымдастырушылар — білім беру бөліміндегі Балалар мен жасөспірімдердің экология және туризм орталығы және Павлодар қаласының әкімдігі болып табылады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера