Павлодарлық футболшылардың жаңа басшысы эстондық футбол клубының түлегі. Эстония командалардың құрамында република чемпионаттарында ойнаған. «Тулевик» (Вильянди), «Флора» (Таллин), «Левадия» (Таллин), «Калев» (Таллин) командаларын және соңғы алты жылда Эстония құрамасын жаттықтырған.
Бүгін «Ертіс» командасының ойыншылары жаңа жаттықтырушы Тармо Рюютлидің жетекшілігімен Түркияда өткен оқу-жаттығу ойындарынан кейінгі алғашқы жаттығуын өткізді.
Vesti.kz сайтының хабарлауынша, «Ертістің» бұрынғы жаттықтырушысы Талғат Байсүфинов денсаулығына байланысты өз еркімен жұмыстан кетті.