Ертіс өзеніне секірмек болған ер адам құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертіс өзеніне секірмек болған ер адам құтқарылды

Ертіс өзеніне секірмек болған ер адам құтқарылды

Семей қаласының құтқарушылары жұма күні көпірден Ертіс өзеніне секірмек болған ер адамды құтқарып қалды.

  • 24 Маусым 2011
  • 612
Фото - Caravan.kz

«Таңғы сағат 10 шамасында 30 метр биіктіктегі көпірге шығып алған жергілікті тұрғын телеарна мен қала әкімін шақыруды талап етті. Талабы орындалмаған жағдайда өзенге секіремін деп қоқан-лоққы көрсетті», — деп қалалық ТЖ басқармасының бөлім бастығы Дмитрий Алябьев мәлім етті.

Құтқарушылар мен жедел жәрдем бригадасы, полицейлер де оқиға орнына лезде келіп жетті. Жергілікті телеарнаның түсіру тобы шақырылды.
Д.Алябьевтың айтуынша, «Түсіру тобы көпірдің тұғырына көтерілуге мәжбүр болды. Камера мен микрофонды көргеннен кейін төмен түскен азаматты құтқарушылар ұстап алды. 50 минут сөйлескеннен кейін ол жерге түсуге келісім берді», — деді ол.
Ол өзіне алыс туысқанының қоқан-лоққы көрсетіп жүргенін айтқан.

Соңғы жаңалықтар