Жарияланды: 920

Ертіс өзенінің аңғарын зерттеу үшін 50 млн теңге бөлінді

Павлодар облысындағы «Биосфера» ғылыми-өндірістік мекемесі Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысы бойынша Ертіс өзенінің аңғарын зерттеуге кірісті.

«Өзен аңғарын зерттеуге Ауыл шаруашылық министрлігі 50 млн теңге бөлді», - деп жұма күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық Табиғи ресурстар және табиғат қойнауын пайдалануды реттеу басқармасы су ресурстары бөлімінің бастығы Асылбек Сәрсекеев мәлім етті. Оның айтуынша, Ертістің жоғарғы бөлігі ағысын реттеу оның аңғарының экологиялық тұрғыдан өзгеріске ұшырауына әкеп соқтырды. Жобаның мақсаты - антропогендік жұмыстардың Ертіс өзені мен өзен аңғарының биологиялық ортасына ықпалын бақылап, суды тиімді пайдалану, көктем кезінде су ресурстарын қорғау шараларын әзірлеу болып табылады. «Биосфера» соңғы бірнеше жыл бойы жүргізілген зерттеу нәтижелеріне жан-жақты талдау жасайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін