Ертіс өзенінің аңғарын зерттеу үшін 50 млн теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертіс өзенінің аңғарын зерттеу үшін 50 млн теңге бөлінді

Ертіс өзенінің аңғарын зерттеу үшін 50 млн теңге бөлінді

Павлодар облысындағы «Биосфера» ғылыми-өндірістік мекемесі Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысы бойынша Ертіс өзенінің аңғарын зерттеуге кірісті.

  • 24 Маусым 2011
  • 911
Фото - Caravan.kz

«Өзен аңғарын зерттеуге Ауыл шаруашылық министрлігі 50 млн теңге бөлді», — деп жұма күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық Табиғи ресурстар және табиғат қойнауын пайдалануды реттеу басқармасы су ресурстары бөлімінің бастығы Асылбек Сәрсекеев мәлім етті.

Оның айтуынша, Ертістің жоғарғы бөлігі ағысын реттеу оның аңғарының экологиялық тұрғыдан өзгеріске ұшырауына әкеп соқтырды.
Жобаның мақсаты — антропогендік жұмыстардың Ертіс өзені мен өзен аңғарының биологиялық ортасына ықпалын бақылап, суды тиімді пайдалану, көктем кезінде су ресурстарын қорғау шараларын әзірлеу болып табылады. «Биосфера» соңғы бірнеше жыл бойы жүргізілген зерттеу нәтижелеріне жан-жақты талдау жасайды.

Соңғы жаңалықтар