«Ертіс жағалауы 2010» дәстүрлі веложарысында Солтүстік Қазақстан командасы жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ертіс жағалауы 2010» дәстүрлі веложарысында Солтүстік Қазақстан командасы жеңіске жетті

«Ертіс жағалауы 2010» дәстүрлі веложарысында Солтүстік Қазақстан командасы жеңіске жетті

Павлодарда Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты - «Ертіс жағалауы 200» көпкүндік веложарысы мәреге жетті.

  • 4 Тамыз 2010
  • 430
Фото - Caravan.kz

Республика өңірлерінен жиналған жас велошабандоздар Ертіс жағалауындағы қалада осымен он екінші рет бас қосып отыр. Күшті спортшыларды анықтау додасы барысында олар 900 шақырымнан астам қашықтықты бағындырды.

«Жарыс қиын болды, -дейді өз ойымен бөліскен чемпионат жеңімпазы солтүстікқазақстандық Арман Қамышев. — Біздің команда жарысқа жақсы дайындықпен келді. Нәтижесінде, қалған жүлделі орындарды менің жерлестерім Артем Захаров пен Владислав Горбунов иеленді. Біз жалпыкомандалық есепте де жеңімпаз атандық», -деді ол.

Командалық есеп бойынша екінші орынды Алматы облысының құрамасы иеленсе, үшінші орын павлодарлықтарға бұйырды.