Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Іс бойынша алдын ала тыңдау сағат 15:00-ге белгіленген. Бұл туралы ақпарат «Сот кабинеті» жүйесінде жарияланған.
Бұған дейін Бабақұмаровтың өліміне қатысты істі қарау түрлі себептермен бірнеше рет кейінге қалдырылған.
Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша тергелген. Істі бұған дейін экс-министр Қуандық Бишімбаевқа үкім шығарған судья Айжан Күлбаева қарайды.
Еске салайық, 2025 жылы 30 қазанға қараған түні Ержан Бабақұмаров қайтыс болды. Полицияның мәліметінше, экс-шенеунік соққыға жығылған.
Ержан Бабақұмаров кім?
Ержан Бабақұмаров 1969 жылғы 2 наурызда Талдықорған облысында дүниеге келген. Саяси ғылымдар кандидаты.
1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметте еңбек еткен. Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі орынбасары, Президент Әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығының басшысы болған. Мәдениет және ақпарат саласында жауапты хатшы әрі вице-министр қызметтерін атқарған. Сондай-ақ премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, Мемлекет басшысының кеңесшісі – Президент Әкімшілігінің талдау және болжау орталығының меңгерушісі лауазымдарын атқарған.