Бұл туралы Stan.kz жазады.
Баян Есентаева алты жылдан бері өзі ұйымдастырып келе жатқан «Қазақ аруы» байқауы туралы фильм түсіретінін айтқан еді. Продюсер басты рөлді актер Тәуекел Мүслімнің сомдайтынын, ал оның фильмдегі ғашығының енді іздестірілетінін хабарлаған болатын.
Басты рөлді сомдайтын ару «Қазақ аруы» бақауының қатысушылары секілді мінсіз сұлу болуы тиіс. Оған бойы 170 сантиметрден кем түспейтін, салмағы 50-55 келіден әрі аспайтын, шашы ұзын, түр-сымбаты келіскен әрі актерлік тәжірибесі бар қыздар үміткер бола алады.
Бұдан бөлек, фильмде жанама рөлді сомдайтын актерлерге де іздеу жарияланды. Кастинг 9-10 қараша күндері Алматы қаласында өтетін болады.