Есеп комитеті еліміздің туризм саласындағы былықтардың бетін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есеп комитеті еліміздің туризм саласындағы былықтардың бетін ашты

Есеп комитеті еліміздің туризм саласындағы былықтардың бетін ашты

Туризмді насихаттауға деп бөлінген 720 миллион теңге босқа ысырап болды! Есеп комитеті еліміздің туризм саласындағы былықтардың бетін ашты. Әсіресе, Спорт агенттігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тарапынан тиімді ұйымдастырудың болмауы мемлекеттік бағдарламаның ақсауына әкеп соққан. Мәселен, Қапшағай су қоймасы маңына тұрғызылуы тиіс «Жаңа Іле» туристік орталығы әлі қағаз жүзінде ғана. Ал қаржысы әлдеқашан бөлінген.

  • 13 Қараша 2012
  • 344
Фото - Caravan.kz


Ерлан Тұрлыбеков, Есеп комитетінің мүшесі:

— Қапшағай су қоймасының маңайына салынатын туристік орталық. Сол жөнінен берілген ақша 2011-інші жылы орындалуы керек болатын. Бірақ жобасы әлі күнге дейін жасалмай келеді.

Маңғыстау облысындағы «Кендірлі» халықаралық курорты, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар туристік кешенінің айналасын абаттандыру мен олардың құрылыстарына қатысты жұмыс та дұрыс жүргізілмеген. Инвестордың жоқтығынан Алматы облысының Текелі аумағында салынуы тиіс тау шаңғысы кешенінің де құрылысы әлі күнге басталмаған. Мұндай жәйт Шығыс Қазақстан облысында да көрініс тауып отыр. Облыс басшылығы шығыстағы «Нұртау» демалыс аумағын қайта жөндеуден өткізу туралы шешімді әлі күнге шығармаса керек. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі бойына салынуы тиіс инфрақұрылымдардың да көбі жоқ болып шықты. Есеп комитетінің есебі бойынша, Қазақстан туризмін өз жерімізде емес, шет аймақтарда да насихаттау үшін бөлінген 720 млн.теңге осылайша өзін-өзі ақтамаған. Тексеру қорытындыларын есеп комитетіндегілер Үкіметке жіберген, ал кейбір материалдармен құқық қорғау органдары айналысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар