Есеп комитеті Хромтау-Алтынсарин темір жол жүйесін салу барысында қаржының тиімсіз пайдаланылғанын анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есеп комитеті Хромтау-Алтынсарин темір жол жүйесін салу барысында қаржының тиімсіз пайдаланылғанын  анықтады

Есеп комитеті Хромтау-Алтынсарин темір жол жүйесін салу барысында қаржының тиімсіз пайдаланылғанын анықтады

Республикалық есеп комитеті Хромтау-Алтынсарин темір жол жүйесін салуға арналған қаржының негіздемесіз әрі тиімсіз пайдаланылғанын анықтады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Ақпан 2005
  • 418
Фото - Caravan.kz

Тексеру қорытындысы бойынша «түрлі кемшіліктер мен бюджет заңнамасын бұзу оқиғалары, соның ішінде бюджет қаржысын негізсіз әрі тиімсіз жұмсау, бухгалтерлік есеп-қисап шарасын тиісті деңігейде ұйымдастырып жүргізбеу деректері анықталды»,- дейді баспасөз қызметі. «Сонымен бірге бас мердігер мен субмердігерлік ұйымдардың арасында тығыз ықпалдастық тәртібінің қалыптаспауынан құрылыс жұмыстарын атқаруға сансыз көп кәсіпорындарды тартуға тура келген. Кәсіпорындардың арасында квалификациялық талаптарға сай келмейтіндері де бар». «Осындай деректердің бәрі мақсатты қаржының негізсіз әрі тиімсіз пайдаланылуына апарып соқты»,- дейді мекеменің баспасөз қызметіндегілер.

Комитет «беті ашылған заң бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға және оларға жол берген лауазым иелерін жауапкершілікке тартуға нақты шаралар қолдануды» тапсырды.
Алайда есеп комитеті Хромтау-Алтынсарин темір жол жүйесін салуға арналған қаржының дәл қаншасы мақсатсыз жұмсалып кеткені туралы нақты ақпарат таратқан жоқ. Жалпы алғанда Хромтау-Алтынсарин темір жол жүйесін салуға 29,5 млрд. теңге бөлінген болатын.

Перейти к новостям спорта