Есеп комитеті мен Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік бюджеттік және табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұрмалаушылық деректері бойынша ақпаратпен алмасатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есеп комитеті мен Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік бюджеттік және табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұрмалаушылық деректері бойынша ақпаратпен алмасатын болады

Есеп комитеті мен Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік бюджеттік және табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұрмалаушылық деректері бойынша ақпаратпен алмасатын болады

Астана. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Есеп комитеті мен Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік бюджеттік заңнама мен табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұрмалаушылық деректері бойынша ақпаратпен алмасатын болады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 6 Қараша 2008
  • 461
Фото - Caravan.kz

Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев пен Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов ынтымақтастық жөніндегі бірлескен бұйрыққа қол қойды. Оған сәйкес, Есеп комитеті мен Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік бюджеттік заңнаманы және табиғи монополиялар туралы заңнаманы сақтау мәселелері жөнінде бірлескен бақылау іс-шараларын жүзеге асыратын болады.

Құжатқа сәйкес, ведомстволар бюджеттік заңнама және табиғи монополиялар туралы заңнаманың анықталған бұрмалаушылық деректері бойынша ақпаратпен алмасатын болады. Тараптар бірлескен бақылау іс-шараларын жүргізетін болады. Сондай-ақ, Есеп комитеті мен Агенттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелері бойынша ынтымақтасуға ниетті.

Есеп комитеті мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады, ол республикалық бюджеттің атқарылуына, гранттардың, мемлекет активтерінің, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен өз иелігінде қалатын ақшаның пайдаланылуына сыртқы бақылау жасап, бағалау жүргізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар