Есеп комитеті мен USAID "Орталық Азия елдерінде экономикалық реформалар арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру" жобасы шеңберінде ынтымақтасады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есеп комитеті мен USAID "Орталық Азия елдерінде экономикалық реформалар арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру" жобасы шеңберінде ынтымақтасады

Есеп комитеті мен USAID "Орталық Азия елдерінде экономикалық реформалар арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру" жобасы шеңберінде ынтымақтасады

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Есеп комитеті мен USAID "Орталық Азия елдерінде экономикалық реформалар арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру" жобасы шеңберінде ынтымақтасып жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев пен USAID жобасының басшысы Брюс Рид келісті, деп хабарлайды агенттік тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 25 Қыркүйек 2008
  • 513
Фото - Caravan.kz

Кездесу кезінде тараптар қаржы аудитін, тиімділік аудитін жүргізу, алаяқтықтың алдын алу және оны анықтау саласында Есеп комитетінің әлеуетін күшейту бойынша ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. USAID сарапшылары Есеп комитетінің қызметкерлері арасынан тренер-аудиторларды даярлау жөнінде желтоқсан айында тренинг өткізетіндігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. «Мемлекеттік сектордағы аудит саласында ең озық халықарлық тәжірибе» тақырыбына семинар ұйымдастырылатын болады. 2009 жылы Есеп комитеті мен USAID сарапшылары нәтижеге бағдарланған бюджеттеу жағдайларында бақылаудың жаңа әдістемелерін үйрету үшін бірлескен аудиторлық тексеру жүргізетін болады.

Брюс Рид мәлімдегендей, USAID сарапшылары Дүниежүзілік банкінің мемлекеттік сектордағы Орталық Азия елдерінің аудиторларын оқыту жөнінде орталық құру туралы жобасына қатысуға ниет білдіріп отыр. «Есеп комитеті аталмыш бастаманың іске асырылуына мүдделі және біз де осы жобаға қатысуға ниет танытып отырмыз. Біз осы орталықты Есеп комитеті жанындағы Қаржылық заң бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталықтың базасында ашуды ұсынамыз. Осы мәселені Дүниежүзілік банкпен жан-жақты талқылап алу қажет», — деді Омархан Өксікбаев.

Сонымен қатар, USAID сарапшылары Есеп комитеті туралы заң жобасы жөнінде түсініктемелер мен ұсыныстар әзірлейтін болады.

Есеп комитеті мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады, ол республикалық бюджеттің атқарылуына, гранттардың, мемлекет активтерінің, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен өз иелігінде қалатын ақшаның пайдаланылуына сыртқы бақылау жасап, бағалау жүргізеді .

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар