Жарияланды: 430

Есеп комитеті Павлодар облысының әкімшілігі заңбұзушылыққа жол берді дейді

Республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жөніндегі есеп комитеті Павлодар облысы әкімшілігінде бюджет қаржысын пайдалану кезінде 15,4 млрд теңге сомасына бұзушылықтардың орын алғандығын анықтады.

Бюджет қаржысын пайдалану кезінде бұзушылық сомасы 15,4 млрд теңгені құрады, бюджет қаржысын тиімсіз пайдалану - 2,1 млрд теңге, түсім бойынша бұзушылықтар - 270,4 млн теңге, делінген ЕК хабарламасында. Жергілікті билік сондай-ақ бюджетке түсетін ақшаны арттыру үшін ішкі резервтерді іздестірмей отыр. "2011 жылы игерілмеген мақсатты трансферттер мен бюджеттік несиелердің жалпы сомасы 6,3 млрд теңгені құрады. 2012 жылы 6,6 млрд теңге игерілмей қалады ма, деген қауіп бар", делінген онда. Облыста әлеуметтік-экономикалық дамуға бөлінген қаржы да тиімді пайдаланылып отырған жоқ. Сондай-ақ мұқтаж аудандарды сумен қамсыздандырылуын дамыту жөніндегі шараларға қаржы көзделмепті. ЕК бақылау нәтижелері бойынша Павлодар облысының әкіміне анықталған бұзушылықтарды жою үшін шаралар қолдануды тапсырды. Сонымен қатар ЕК бірқатар материаларды құқық қорғау органдарына жөнелтпек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін