Есеп комитеті Қорғаныс министрлігінің бюджет заңнамасын бұзғанын анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есеп комитеті Қорғаныс министрлігінің бюджет заңнамасын бұзғанын анықтады

Есеп комитеті Қорғаныс министрлігінің бюджет заңнамасын бұзғанын анықтады

ҚР республикалық бюджетінің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қорғаныс министрлігінің "Қолданбалы ғылыми зерттеулер және қорғаныс сипатындағы тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар" атты бағдарламаны жүзеге асыру барысын қадағалау шарасының нәтижесінде министрлікте ғылыми тақырыптарды нақты таңдау мақсаттарын, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды сатылы жүзеге асыру және қолданысқа енгізу міндеттерін, сондай-ақ, жұмыстардың техника-экономикалық негіздемесін алдын-ала зерттеу жұмыстарын айқындап беретін процедуралық құжаттардың бекітілмегенін анықтады. Бұл туралы есеп комитетінің баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянында айтылған.

  • 11 Наурыз 2005
  • 415
Фото - Caravan.kz

«Жоғарыда аталған жайттардың салдарынан орынсыздығы мен өзексіздігіне байланысты көптеген ғылыми тақырыптар түрлі аяқталу сатыларында жабылған, ал жекелеген жобалар тәжірибе жүзінде қолданылмайды»,- делінген баспасөз баянында. Сонымен бірге қорғаныс министрлігінің «әкімшілік-басқару сипатындағы бірқатар функцияларды, соның ішінде қаржылық функцияларды да өз қарамағындағы әскери бөлімшелердің қамтамасыздығына арналған қаржыдан қаржыландырылатын мекемелерге ешбір негізсіз өткеріп бергені» белгілі болды.

Есеп комитетінің мәліметіне сәйкес, министрлікте жалпымемлекеттік, салалық геоақпараттық жүйелерді құрудың мемлекеттік біртұтас тұжырымдамасы жоқ болып шықты. «Ақпараттық жүйені құруға арнап бөлінген бюджет қаржысын игеруде мемлекеттік құпиялар туралы заңнама бұзылған». Сондай-ақ, бағдарламалық өнімдердің техникалық құжаттарына сараптама жүргізуге арнаулы квалификациясы жоқ бола тұра, «Мемлекеттік сараптама» РМК ҚР Қарлы Күштерінің автоматтандырылған басқару жүйесінің жобасына сараптамалық тұжырым жасап берген.
Осыған байланысты ҚР қорғаныс министрлігіне беті ашылған кемшіліктер мен заң бұзушылық оқиғаларын жою, бюджет заңнамасын бұзуға жол берген лауазым иелерін жауапкершілікке тарту туралы нұсқау берілді.

Перейти к новостям спорта