Жарияланды: 260

Есеп комитетінің басшысы ведомствоның әрі қарайғы қызметі жөнінде кеңес өткізді

Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусин ведомство мүшелерімен және аппарат қызметкерлерімен кеңес өткізді.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, кеңесте мемлекет басшысының Есеп комитетінің қызметін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселесі талқыланды және бірқатар құрылымдық бөлімше басшыларының атқарылған жұмысы туралы есептері тыңдалды. Сонымен қатар, Есеп комитеті қызметіне жүргізілген функционалдық талдау және ішкі аудит қорытындысы бойынша шаралар қабылдау мәселесіне де көңіл бөлінді. Кеңес қорытындысы бойынша А.Мусин жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді және 2013 жылғы қызметтің басым бағыттарын айқындады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін