Есеп комитетінің басшысы ведомствоның әрі қарайғы қызметі жөнінде кеңес өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есеп комитетінің басшысы ведомствоның әрі қарайғы қызметі жөнінде кеңес өткізді

Есеп комитетінің басшысы ведомствоның әрі қарайғы қызметі жөнінде кеңес өткізді

Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусин ведомство мүшелерімен және аппарат қызметкерлерімен кеңес өткізді.

  • 29 Қазан 2012
  • 245
Фото - Caravan.kz

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, кеңесте мемлекет басшысының Есеп комитетінің қызметін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселесі талқыланды және бірқатар құрылымдық бөлімше басшыларының атқарылған жұмысы туралы есептері тыңдалды.

Сонымен қатар, Есеп комитеті қызметіне жүргізілген функционалдық талдау және ішкі аудит қорытындысы бойынша шаралар қабылдау мәселесіне де көңіл бөлінді. Кеңес қорытындысы бойынша А.Мусин жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді және 2013 жылғы қызметтің басым бағыттарын айқындады.

Соңғы жаңалықтар