Есеп комитетінің төрағасы президентке комитеттің ағымдағы жылдың тоғыз айындағы жұмысының нәтижелері туралы баяндады
Астана. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевты қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Кездесу барысында О.Өксікбаев президентке комитеттің ағымдағы жылдың тоғыз айындағы жұмысының нәтижелері туралы баяндады.
"Бюджеттің ішкі резервтерін тиімді пайдалануды анықтау бойынша тексеру нәтижелеріне баса назар аударылды. Мен сондай-ақ президентке Бюджет кодексінің жобасына енгізілетін қаржылық бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары туралы баяндадым. Мемлекет басшысы біздің алдымызға әлемдік тәжірибені ескере отырып, қаржылық бақылау үдерісін жетілдіру міндетін қойды", - деді Есеп комитетінің төрағасы журналистерге арналған брифингте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін