"Ешқандай сценарийсіз": Айнұр Тұрсынбаева әлем назарын өзіне аударған немересін асыра мақтады - kaz.caravan.kz
  • $ 501.02
  • 597.27
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ешқандай сценарийсіз": Айнұр Тұрсынбаева әлем назарын өзіне аударған немересін асыра мақтады

"Ешқандай сценарийсіз": Айнұр Тұрсынбаева әлем назарын өзіне аударған немересін асыра мақтады

Танымал айтыскеп ақын Айнұр Тұрсынбаева әлем назары өзіне аударған Әлем немересі туралы пікірін білдірді.

  • 2 Ақпан
  • 15
Instagram/aidyn_nury

Бұл туралы Caravan.kz. медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Адамның есімі өміріне әсер етеді дегендерге қатты сенетіндердің бірімін. Немеремнің есімін Әлем деп қоюым да жайдан-жай емес еді.

«Әлемге танылсын, әлемге пайдасы тисін» деген ниетпен қойылды. Сол ниет қабыл болды ма, кім білсін — Әлемнің бір ғана қылығы видеоға түсіп, 50 млн қаралым, 2,5 млн лайк жинап, әлемнің назарын өзіне аударды.

Ол ешқандай сценарийсіз, ешқандай образсыз, жәй ғана Айфонды бассейнге лақтырып жіберді. Мұны әлем көріп, шетелдіктер тоқтаусыз пікір қалдырып жатыр.

Бұл сәт «Лувр» музейінің тарихында қалып, Әлем лақтырған телефон қабырғаға ілінді. Бүкіл әлем бұл тарихқа қарап жатыр. Балам мен келінім қаншама рет команда жинап, образ дайындап, ойланып видео түсіріп, жинай алмаған 50 млн қаралымды Әлем бір сәтте жинап бере салды.

Осы видеодан кейін Әлемнің әке-шешесіне шетелдік компаниялардан ұсыныстар түсе бастады. Тіпті Абу-Дабудегі Лувр музейі осы видеодан кейін туристердің қызығушылығын арттырды. Музей ұлымның отбасына музейге кіруге тегін абонемент сыйлады. Осылайша, Әлем өз есіміне сай, әлемнің есігін еркін ашып келеді», — деп жазды ол.