Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол Demediakz YouTube арнасына берген сұхбатында өзін “хайпқұмар” деп сынайтындарға жауап берді.
”Көп мәселені көтереміз. Мысалы, өткенде қаржы менікі емес, бірақ адамдар несие туралы мәселе көтеріп еді айналыса бастады. Денсаулық та басқа комитет, бірақ көп адам маған жазып, жекеме шықты. Айналасып, заңдарды өзгерттік. Менің салам — экономика. Біздің комитет экономика және өңірлер деп аталады. Құрылыс кодексі мәселесін көтереміз. Өзім әлеуметтік желіде белсенді болғаннан кейін маған адамдар көп жазады. Адам өлімі хайп па? Хайп емес. Ол — адамның тағдыры, бір отбасының үлкен қайғысы. Банк мәселесі хайп па? Хайп емес. 1,5 миллион адамның шоттары жабық. Жұмыс істей алмайды. Бәрі жамандап жатса, сен де қоса жамандап жатсаң — хайп. Көп журналистер де көтереді де қоя салады. Ондай болса, оларды да хайпқұмар деу керек. Бірақ, менің әдісім басқаша. Кез келген мәселенің түбіне жетемін. Банк бойынша 1,5 жыл бойы зерттеп, 4 заңға өзгеріс енгіздім. Нақтылап, шегеледім. Ешқашан депутаттық сауал жолдамаймын. Несін жолдайсың? Өзіме ал да зертте деймін. Себебі, тәжірибем бар. Оның шешіле қоймайтынын білемін. Заңды өзгертуіміз керек, болды”, — дейді ол.
Сондай-ақ, ол халықтың да шенеуніктердің де өзгеру керегін мәлімдеді.
”Екі жақ та өзгеру керек. Жаңа конституциядан кейін шенеуніктер де өзгеру керек. 2-3 күн шынайы ақпарат бере алмаса, шенеунік кінәлі. Депутаттар халықтың алдында жүрміз. Бізді сынау — дұрыс. Бірақ қоғам да сауатты болу керек. Популизм — уәде беріп, орындамау. Алдын ала орындай алмайтын мәселені орындаймын деп уәде беру. Бірақ қоғам оны түсіне қоймайды. Қоғамға әдемі сөз ұнайды. Бірақ қатаң сөзді де айту керек”, — дейді ол.