Ешқашан соғыс болмайды деген араб елдерінің өзі зымыран астында қалды - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 497.56
  • 586.92
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ешқашан соғыс болмайды деген араб елдерінің өзі зымыран астында қалды - Айгүл Орынбек

Ешқашан соғыс болмайды деген араб елдерінің өзі зымыран астында қалды - Айгүл Орынбек

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Таяу Шығыстағы шиеленіс туралы өз ойын айтты.

  • 2 Наурыз
  • 69
Фото: www.instagram.com/aigulorynbek_kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында кейінгі күндері адамзатты алаңдатқан геосаяси жағдайда бейбітшіліктің қадірін түсінгенін мәлімдеді.

«Бейбітшіліктің қадірін осындай кезде түсінесің. Ешқашан соғыс болмайды деген араб елдерінің өзі бүгінде зымыран астында қалды.

Президентіміздің әр елде тынымсыз жүргізіп жатқан дипломатиялық жұмысының арқасында біз бүгін ашық аспан астында тыныш ұйықтап жатырмыз. Иранда қыздар оқитын мектепке түскен зымыран 60 баланың өмірін қиып кетті. Шырылдаған ата-аналардың дауысы жүректі тіліп өтеді. Әлем соғыс отына тұтанып тұрған осындай күрделі кезеңде елімізді бейбітшілік пен тұрақтылықта ұстап отырған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіремін. Ұлт үшін атқарып жатқан еңбегіңіздің жемісін көріп отырмыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», — деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Израиль Иранға шабуыл жасаған еді. Артынша АҚШ-та Иранға қарсы әскери операция басталғанын мәлімдеді. Ал Иран Израильге, Бахрейн, БАӘ-дегі АҚШ базасына шабуыл жасады.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Иранда қыздар оқитын мектепке жасалған әуе соққысының салдарынан қаза тапқандар саны 148, жаралағандар саны 300-ге жетті.