"Ешкім маған ұл тумайсың деп айтпайды": Атышулы "Келінжан" телехикаясының продюсері бұрын-соңды ешкімге айтпаған құпиясымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ешкім маған ұл тумайсың деп айтпайды": Атышулы "Келінжан" телехикаясының продюсері бұрын-соңды ешкімге айтпаған құпиясымен бөлісті

"Ешкім маған ұл тумайсың деп айтпайды": Атышулы "Келінжан" телехикаясының продюсері бұрын-соңды ешкімге айтпаған құпиясымен бөлісті

Танымал продюсер, көпшілікке "Келінжан" телехикаясымен танылған Гұлнұр Мамасарипова "Momskiy angime" бағдардарамасына сұхбат беріп, көпшілікке беймәлім құпиясымен бөлісті.

  • 9 Ақпан
  • 203
Фото - Caravan.kz

Сонымен бірге продюсер ене мен келін жайлы өз пікірін де ортаға салды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Momskiy angime"  подкастында сұхбат берген ол, отбасылық өмірі жайлы құпияларын айтты. 

"Шымкенттің келіні, қызымын. Менің қол-аяғымды ешкім жылы суға малып қойған жоқ… Сол күннен бастап менде мұрны пұшық, қара қыз деген комплекс кірді. Сонда енем айтатын: "Неге жылайсың? Мен сені зорлап үйге әкелген жоқпын ғой? Неге күйеуге тидің? Рахаттанып жүрмедің бе отызға дейін?… Сол кезде қатыгездігіне таң қалдым шешемнің, сол кезде бірінші рет ойладым. Мынау мені бақпаған, сондықтан мынау мені аямайды деп ойладым… Маған оқу керек емес болып қалды, сол кезде енем маған, оқудан бұрын күйеуіңе ие бол деді", — деп ағынан жарылды продюсер. 

Сонымен бірге ол жас күнінде ұл бала тауып алмағанына өкінетінін жеткізді. 

"Туыстар тарапынан болған шығар. Алайда ешкім бетіме келіп айтпады. Күйеуім ешқашан "Ұл керек" деп айтпаған. Қазір "Неге үшеу-ақ туғанмын" деп ойлаймын. Жас кезде, физиологиялық тұрғыдан мүмкіндік бар кезде, көбірек баланы дүниеге әкелген дұрыс. Үшінші қызымды босанғанда, 27 жаста болдым. Содан кейін не істеп жүрдім? 33 жасымда, 35 жасымда не ай қарап жүрдім? Тағдыр солай шығар. Айтып отырмын ғой, маңдайыңа жазылса, көзің байланады. 30-бен 50 жас аралығы мансабымдағы ең белсенді уақыт екен. Осы жиырма жыл тынымсыз жұмыс істеппін. Оған дейін отбасы, бала босанумен айналыстым ғой", — дейді продюсер.