"Оның оқудан шығып қалуына біздің бағдарламаны айыптап жатқандар жетерлік. Біздегі ақпарат бойынша Айнұр сабақтан көп қалуына байланысты оқудан шығу мәселесі бірнеше апта бұрын шешілген", — дейді Танатбекұлы.
Продюсер эфирге қатысты ешкім оны мәжбүрлемегенін, өз еркімен келгенін растайтын құжаттардың да бар екенін айтады. Тіпті, продюсер болған жайтты нақтылау үшін бүгін тікелей эфирде барлығын ашық айтатын болады.
Естеріңізде болса, өткен аптада 19 жастағы Айнұр Жәнібекова дүйім жұрттың алдына шығып, 2 миллион теңгеге пәктігін сатқысы келетінін айтқан еді. Танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов осындай арсыздарды эфирден түсірмейтін бағдарламаға шүйлікті. Ол жүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына хат жолдап, оның Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері деген атаққа лайықсыз екенін меңзеді. Ал "Өз ойым" продюсері бағдарламаға тек шынайы кейіпкерлер келетінін айтып, елдің айыптауына жауап берді. Ал күні кеше арын сатпақ болған Айнұрдың өзі эфирде рөл ойнағанын жайып салды.