тоғыз кәсіби драмалық және музыкалық-драма театрлары, музыкалық комедия театрлары, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған театрлар бас қосты.
Фестивальға қатысушыларды қарсы ала отырып, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, К.С.Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрының әртісі Нелли Штоколова «өткен ұрпақ өкілдеріне республикалық театр қоғамдастығының Ұлы Жеңісті тойлауға бөлген назары қымбат болып табылады», — деп атап өтті.
«Ақсарай» театр-мюзиклі Тараздағы алтыншы маусымын бастамақ. «Біз жамбылдық көрермендерге түрік драматургі Түнчер Жундженұлының қойылымын алып келдік, фестиваль барысында басқа аймақтардан келген әріптестеріміздің қызықты жұмыстарына күә боламыз деген үміттеміз», — деді «Ақсарай» театрының көркемдік жетекшісі Болат Атабаев.