Айтуынша, мұндай өмірге ол тек балалары үшін ғана шыдап келген, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.
Карина Мамаш бұл жолы қазақстандық тілшілердің біріне сұхбат берген.
«Ол мені ұрып-соққаннан кейін, мен бөлмеден шығып, көршіме бардым. Оның астында темекі шегіп тұрғанын көрдім. Сосын ол маған келіп, үйге кіруімді өтінді. Сосын тағы мені ұрып-соғып, зорлап тастады. Бұл өте қиын жағдай, қиын күй, ешкімге мұндайды тілемеспін. Ең бірінші рет ұрып-соққаннан кейін, мен ішімдегі жараны әнге қосып, шерімді тарқата бастадым. Бұл әндерді маған жазуға сол басымнан өткен жағдайым түрткі болды…
Ол үнемі менен сын табатын. Тіпті ішпеген күннің өзінде де солай болатын. Тамақты дұрыс дайындамадың, анауың-мынауың дұрыс емес, т.т. Яғни, онымен адам сияқты сөйлесіп, ортақ мәмілеге келу мүмкін болмайтын», — деп сырын ақтарды Карина Мамаш.