«Ешкімнің басына бермесін»: Зілзаладан әрең ес жиған түрік халқы енді топан судың астында қалды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ешкімнің басына бермесін»: Зілзаладан әрең ес жиған түрік халқы енді топан судың астында қалды (ВИДЕО)

«Ешкімнің басына бермесін»: Зілзаладан әрең ес жиған түрік халқы енді топан судың астында қалды (ВИДЕО)

Өткен айда жойқын зілзаладан әрең ес жиған түрік халқы енді топан судың астында қалды. БАҚ беттерінде шыққан мәліметке сай, Түркияның оңтүстік-шығыс аймағындағы бірнеше провинцияда толассыз жаңбыр жауып, салдарынан су тасқыны болған.

  • 16 Наурыз 2023
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, қазірдің өзінде тілсіз жаудан 13 адам қаза тапқан.

Сонымен бірге Адияман, Адана, Кахраманмараш және Диярбакырда апат аймақтарына құтқарушылар жіберілгені белгілі болды. Бүгінді таңда жағдай бақылауға алынған. Ал оқиға орнына су тасқынының салдарын жоятын арнайы техника жіберілген.

Бұдан бөлек, Cumhuriyet газетінің хабарлауынша, Адияманда күшті жаңбыр салдарынан бақша контейнерін су басып, бес адам қаза тауып, бес адам із-түзсіз жоғалған.

Бұған қоса басылым толассыз жаңбыр салдарынан Шанлыурфа Эйюбие оқу және зерттеу ауруханасының жансақтау бөлімін де су басып, науқастардың басқа ауруханаға ауыстырылғанын айтады.


 

Соңғы жаңалықтар