Caravan Logo

«Ешкімнің басына бермесін»: Зілзаладан әрең ес жиған түрік халқы енді топан судың астында қалды (ВИДЕО)

«Ешкімнің басына бермесін»: Зілзаладан әрең ес жиған түрік халқы енді топан судың астында қалды (ВИДЕО)

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, қазірдің өзінде тілсіз жаудан 13 адам қаза тапқан.

Сонымен бірге Адияман, Адана, Кахраманмараш және Диярбакырда апат аймақтарына құтқарушылар жіберілгені белгілі болды. Бүгінді таңда жағдай бақылауға алынған. Ал оқиға орнына су тасқынының салдарын жоятын арнайы техника жіберілген.

Бұдан бөлек, Cumhuriyet газетінің хабарлауынша, Адияманда күшті жаңбыр салдарынан бақша контейнерін су басып, бес адам қаза тауып, бес адам із-түзсіз жоғалған.

Бұған қоса басылым толассыз жаңбыр салдарынан Шанлыурфа Эйюбие оқу және зерттеу ауруханасының жансақтау бөлімін де су басып, науқастардың басқа ауруханаға ауыстырылғанын айтады.


Loading...