"Ешқандай діни көзқарасты араластырмай қабылдаймын”: Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдағы отбасылық дәстүрін бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ешқандай діни көзқарасты араластырмай қабылдаймын”: Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдағы отбасылық дәстүрін бөлісті

"Ешқандай діни көзқарасты араластырмай қабылдаймын”: Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдағы отбасылық дәстүрін бөлісті

Отандық киноларда бой көрсетіп жүрген талантты актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жыл мерекесін тойлауды бастап кетті.

  • 28 Желтоқсан 2023
  • 51
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Актриса жаңа жылды отбасылық мерекеге айналдырған.

“Жаңа жыл біз үшін отбасылық мереке! Бір жылды қорытындылап, келер жылға жоспар құрамыз. Отбасымызбен бірге уақыт өткізуге тырысамыз. Бір-бірімізге сыйлық жасап, жылы тілек айтамыз🫶Ал жеке өзім үшін желтоқсан өте сәтті ай.
“Әлем ханымы” атағын әкелген ай, “Сезін” кітабының тұсауын кесекен ай,
“Ажырасам” фильмі үлкен экранға шыққан ай. Бұл жылы да мен үшін жаңа жанрдағы “Қара шекпен” әфсанасының премьерасы болған ай.
Бұл мерекеге ешқандай діни көзқарасты араластырмай отбасылық деп қабылдаймын”, – деп жазды актриса. 

Өнер иесі сонымен қатар жаңа жыл қарсаңында жасалатын отбасылық дәстүрге де тоқталды. 

“Алдымен үйге шырша құрамыз. Балалармен фото жасалады. Келер жылға отбасылық жоспар құрылады. Барлық жағдайда бір-бірімізге қолдау білдіреміз деген уәде беріледі. Жыл сайын дәстүр бойынша ескі фотоларды ақтарып, балалардың сәби кезін еске аламыз. Өзім жыл сайын ескі альбомдарды ақтарғанда балаларымның бөпе болғанын көремін. Қыз мезгілін сұлулығы үшін сүйемін”, – дейді өнер иесі.