"Ешқандай қазақ болған емес": Ресейлік тарихшы қазақтарды ұлт ретінде жоққа шығарды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ешқандай қазақ болған емес": Ресейлік тарихшы қазақтарды ұлт ретінде жоққа шығарды (ВИДЕО)

"Ешқандай қазақ болған емес": Ресейлік тарихшы қазақтарды ұлт ретінде жоққа шығарды (ВИДЕО)

Ресейлік тарихшы Михаил Смолин Ресейлік бағдарламалардың бірінде ұлттар арасында сызат түсіретін арандатушылық мәлімдеме жасап, қазақ халқын ұлт ретінде жоққа шығарды.

  • 24 Қаңтар
  • 1983
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Тарихшы НТВ арнасында қазақ, өзбектер мүлдем болмаған деген ой айтты.

"Қазақстан қалай пайда болды? Басында Ресейдің қатарында Қазақ КСР деп пайда болды. Ешқандай қазақ болған емес. Сосын Қазақ КСР арасында Қырғыз КСР пайда болды. Кейін оны алып РСФСР-ден бөліп жіберді. Мысалы, өзбек деген халық та революцияға дейін болған емес. Ондай этникалық атау болған емес. Ал әзірбайжандар деген кім? Ондай да халық болған емес", — деді ресейлік тарихшы.

Естеріңізге сала кетейік, ресейлік журналист Тина Канделаки жақында ғана Қазақстанда орыс тілінің қолданыс аясы таралып бара жатқанын жазған еді. Ол өз жазбасында "Уральск" атауының — "Орал", "Узень" атауының "Жаңаөзен" деп өзгеруі күмән тудыратын шешім екенін айтқан.

Соңғы жаңалықтар