“Ешқандай қыздың іш-киімін шешкен емеспін” Сазгер Қалдыбек Құрманәліні қыз зорлады деп кінәлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Ешқандай қыздың іш-киімін шешкен емеспін” Сазгер Қалдыбек Құрманәліні қыз зорлады деп кінәлаған

“Ешқандай қыздың іш-киімін шешкен емеспін” Сазгер Қалдыбек Құрманәліні қыз зорлады деп кінәлаған

Сазгер, Шәмшітанушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қалдыбек Құрманәлі "talklike" бағдарламасына келіп сұхбат берді.

  • 24 Маусым 2022
  • 795
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Сұхбат барысында бұрын соңды айтылмаған мәселелер қозғалды.

Бір сұхбатында сазгер "қазақ эстрадасында 90% жезөкшелер",- деп айтқан болатын, сол сұраққа қайтадан тоқталып еді:

"Қасықтап жинаған абыройыңды шелектеп төгу бір сәт. Біз бұрын өнер адамдарынан үлгі алатын едік. Әндерінен өзімізге керек нәрсені алатын едік. Ал қазір, қанша күйеугк шықты,  қанша баласы бар, бұрын кімнің байы болды міне осыны мақтанып айтатын дәрежеге жетті. Мен өлімнен қорықпаймын. Мен жауыздардан қорқамын, мен жезөкшелерден қорқамын.

Менің кейбір әріптестерім ренжіп жатыр Қалдыбек аға Шәмші атамыздың кешін өткізген кезде бір ауыздан барып қатысамыз ғой, бұныңыз не деп? Мен айтам: Сен не жезөкшесің ба? Қандай сұрақ бұл? Әлде өзіңді танып қойдың ба? Ол жерде мен аты-жөн айтқан жоқпын ғой. 
Қыздардың ішінде әншілер бар арын сатпаған, өз жолымен, өз еңбегімен келе жатқан. Бірақ ақша табу мақсатында жеңіл жолға түсіп кеткендері де бар, ол-ақиқат! 

Сонымен қатар, менің үстімнен 7 рет іс қозғалған. Оның ішінде ұрлық жоқ, қыз зорлау бар, төбелес бар. 


Бір әйел маған тиіп алмақшы болып үстімнен арыз жазған сотқа мені зорлады деп. Сол тіркеліп тұр. 
Мен өмірде ешқандай қыздың іш-киімін шешкен емеспін. Арыз жазылды, жазылды бірақ дәлелденбеген соң қалды сасып олар, жазықсызды не деп кінәласын?",- деді сазгер.