«Маған үлкен жекпе-жектер қажет. Головкинмен жекпе-жекке шыққым келеді. GGG, мен ең мықтылардың бірімін. Өзімнің 18 кездесу өткізгеніме қарамастан Головкинмен қолғап түйістіруге дайынмын. Мен өзімнің мықты екенімді білемін. Әлемдегі ең атақты деген спортшыларды жеңуге менің тәжірибем жеткілікті», — деп мәлімдеді Алим.
Айта кетейік, Алим ешқашан жеңіліп көрмеген украиндық Евгений Хитровты алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, WBC Silver тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Осылайша, америкалық боксшыға енді WBC тұжырымының белбеу иегері, әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жұдырықтасудың мүмкіндігі туып отыр.