Алматы облысында 56 жастағы әйел зорланды, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.
Қылмыс туралы мәлімет Facebook желісіндегі "#НеМолчиKZ сексуалды зорлық-зомбылыққа қарсы ұлттық қозғалысында" жарияланған. Қауымдастыққа 1990 жылғы жігіт хабарласып, өздерінің үйінде біреулер анасын ұрып-соғып, зорлағанын хабарлаған. Оқиға Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданында Бәйтерек ауылында болған.
"56 жастағы сексуалды зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйел Есік қаласының ауруханасында жатыр, оның жағдайы ауыр, соққыдан әйел ауыр жарақаттар алған. (…) Әйелге жедел түрде көзіне ота жасау керек, сондай-ақ нейрохирургтың кеңесі мен емдеуі қажет", — делінген хабарламада.
Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер сотқа дейінгі тергеу жұмыстары біріңғай реестерде "Зорлау" бабымен қозғалған. "Қылмыскердің кім екені анықталған. Қазіргі уақытта оны ұстау үшін шаралар жүргізіліп жатыр", — деді баспасөз қызметіндегілер.