Есікте қыз зорлады деп айыпталған 4 жігітке сот үкімі оқылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есікте қыз зорлады деп айыпталған 4 жігітке сот үкімі оқылды

Есікте қыз зорлады деп айыпталған 4 жігітке сот үкімі оқылды

Есік қаласының тұрғыны Жібек Мусинованы зорлады деп айыпталған 4 жігітке қатысты сот үкімі шықты деп жазады Informburo.kz.

  • 28 Қараша 2016
  • 558
Фото - Caravan.kz

Судья Ерлан Баймулдинов Асхат Бектұрсынды 10 жылға бас бостандығынан айырса, ағайынды Алмас пен Ербол Ермековтер тиісінше 9,5 және 7,5 жылға сотталып отыр. Сондай-ақ, зорлау қылмысына қатысы бар Елтай Нұрбол да алдағы 9 жылын түрмеде өткізеді.

Сотталғандар ҚР Қылмыстық кодексінің төрт бабы бойынша айыпты деп танылған. Атап айтқанда: "Зорлау", "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері", "Адамды ұрлау" және "Бұзақылық".

Ербол Ермеков пен Нұрбол Елтайға тағылған "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы дәлелденбеді.

Айыптылардың туыстары болса сот үкіміне келіспейтіндерін айтып отыр. Олардың пікірінше, жігіттер қызды зорламаған, тек үйіне апарып тастамақ болыпты. Дегенмен, Жібек Мусинованың өзі басқа пікірде. Оның айтуынша, 4 жігіт оны көлікке отырғызып, зорлық әрекеттерін жасаған.


Естеріңізге салайық, оқиға 20 тамыз күні орын алған болатын.