"Есікті сыртынан жауып, үйін өртеп жіберген": Орал тұрғыны бұрынғы әйелі мен қызын өлтірмек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 484.78
  • 558.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Есікті сыртынан жауып, үйін өртеп жіберген": Орал тұрғыны бұрынғы әйелі мен қызын өлтірмек болған

"Есікті сыртынан жауып, үйін өртеп жіберген": Орал тұрғыны бұрынғы әйелі мен қызын өлтірмек болған

Орал тұрғыны бұрынғы әйелі мен қызын сыртынан жауып, үйін өртеп жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 24 Шiлде 2020
  • 274
Фото - Caravan.kz

Оқиға Зачаган кентіндегі Құс фабрикасы ауданында болған. 20 шілде күні сағат 22.40 шамасында ер адам бұрынғы әйелінің үйіне от қойып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, ұсталған күдікті қылмысын мойындаған.

Күдікті Орал қаласы полиция басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.


Осы қылмыс бойынша Қылмыстық кодесктің "бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру" бабына сәйкес тергеу амалдарын жүргізуде.