Бір айта кетері, ауыл шаруашылығы колледжіне де Батыр атағы берілген болатын.
Салтанатты шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов қатысты. Аймақ басшысы жиналған қауым алдында бұл мүсін ерліктің, рух бостандығы мен мінез қайсарлығының белгісі болады деп атап өтті. Бұл мінездер тағдыры ерекше жан Жәлел Қизатұлы Қизатовтың бойынан табылатын еді. Оның өмірі патриотизм мен халыққа қызмет етудің тамаша үлгісі болып табылады.
Жәлел Қизатов екі Ленин орденімен, 1 дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, үш Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен, Халықтар достастығы орденімен, медальдармен марапатталған.
Сол күні ауыл шаруашылығы колледжінде Ж.Қизатовтың 90 жылдығына арналған «Ер есімі — ел есінде» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.