Caravan Logo

Есіл өзенінде Ф-1 гранатасына ұқсас зат табылды

Есіл өзенінде Ф-1 гранатасына ұқсас зат табылды

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 11 қарашада сағат 15.55-те Петропавловск қаласында Есіл өзенінде 5-6 метр тереңдіктен Ф-1 гранатасына ұқсас зат табылды.

Жарылғыш затты алу әзірге мүмкін болмай отыр. Қорғаныс министрлігінің мамандары келгенше оқиға орнын СҚО ІІД-нің күзет қызметі тәулік бойы қарауға алады.