Есімов ең алдымен басқарма төрағасының саны көп орынбасарлары мен басқарушы директорларды қысқартыпты. Яғни бес орынбасарын үшеу, тоғыз басқарушы директорды төртеу қылды. Сонымен, ұлттық компаниядағы 7 лауазымды қызметкер жұмыссыз қалды. Ал, компаниядағы бірнеше департамент біріктірілді. Сондай-ақ, Есімов ЭКСПО қызметкерлер жалақысының жылдық қорын 150 миллион теңгеге қысқартыпты.