Есімов «Экспоның» басты ғимаратын «Нұр әлем» деп атауды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есімов «Экспоның» басты ғимаратын  «Нұр әлем» деп атауды ұсынды

Есімов «Экспоның» басты ғимаратын «Нұр әлем» деп атауды ұсынды

«Экспоның» басты нышаны болуы тиіс шар тәріздес алып  ғимаратты  «Нұр әлем» деп  атау  ұсынылды. Бүгін Ақордаға халықаралық  көрмені өткізуге жауапты шенеуніктерді тегіс жинаған президент олардың есебін тыңдады. Осы жерде «Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Есімов басты нысанға 3 бірдей атын  ойластырып келіпті.

  • 18 Қараша 2015
  • 615
Фото - Caravan.kz

Ахметжан Есімов, «Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы:

-Осындай ұсыныс тастайын деп отырмыз. Шарды  «Нұр әлем»,  «Нұрлы әлем», немесе «Әлем нұры» деп атасақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

— Мен екі атауды ұсынамын. Біріншісі, «Әлем шар». Ал сенің айтып отырғаның «Нұр әлем». Бұл маңызды емес. Бірақ «Әлем шар» десек дұрыс болады. Шар деген аты өзі айтып тұр не екенін. Әлем деген дүние. Жер шарының бәрін ішіне кіргізіп отырмыз. Ал сен «Нұр әлем» дейсің. Енді таңдайық.  

Бірақ, Назарбаевқа  «Нұр әлем » аты  аса ұнай қоймады. Сондықтан «Экспоның» басты ғимаратына  «Әлем шар» деген атаудың    жарасатынын айтты. Десе де,  Елбасы асықпай  тағы  ойланайық деді.  Көрмеге 1 жарым жыл қалғанын ескерткен президент шығынды қысқарту арқылы 78 миллиардттың үнемделгенін мәлімдеді.  Ал құрылысқа отандық өнімді  пайдалануға тағы пәрмен берді. Сондай-ақ «Экспо» кезінде күш құрылымдарына  қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді тапсырды. 



Соңғы жаңалықтар