Есірткі қылмысымен айналысқаны үшін іздеуде жүрген Ингушетия азаматы қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есірткі қылмысымен айналысқаны үшін іздеуде жүрген Ингушетия азаматы қолға түсті

Есірткі қылмысымен айналысқаны үшін іздеуде жүрген Ингушетия азаматы қолға түсті

Қарағанды облысының Теміртау қаласында есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен 4 жылдан бері іздеуден жүрген Ресей азаматы қолға түсті.

  • 5 Шiлде 2011
  • 425
Фото - Caravan.kz

«Теміртау ІІБ қызметкерлері есірткі сатты деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген 41 жастағы қылмыскердің осы қалада жүргені туралы ақпар келіп түсті. Жедел-іздестіру шаралары барысында ол жергілікті автостанцияда қолға түсті. Ресей азаматы пәтер жалдап Теміртауда тұрып жатқан болып шықты», — деп сейсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы бастығы Жаңатай Сембеков мәлім етті.

Оның айтуынша, күдіктінің Ресей азаматының төлқұжаты мен Қарағанды облысындағы Осакаровка ауылында уақытша тіркелгендігі туралы құжаты бар көрінеді.
2007 жылдан бері іздеуде жүрген ол Теміртаудағы уақытша тергеу изоляторына тоғытылды.

Соңғы жаңалықтар