Есірткі саудасымен күрес тек АҚШ-тың міндеті емес, героинды импорттаушы елдердің де міндеті - АҚШ елшісі - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есірткі саудасымен күрес тек АҚШ-тың міндеті емес, героинды импорттаушы елдердің де міндеті - АҚШ елшісі

Есірткі саудасымен күрес тек АҚШ-тың міндеті емес, героинды импорттаушы елдердің де міндеті - АҚШ елшісі

Есірткі саудасымен күрес тек АҚШ-тың міндеті емес, героинды импорттаушы және оны тұтынушы елдердің де міндеті. Бүгін, 6-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы АҚШ елшісі Джон Ордвей осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Шiлде 2005
  • 400
Фото - Caravan.kz

5-шілдеде Астанада өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің саммитінде Өзбекстан президентінің Ауғанстандағы НАТО бітімгершілерінің есірткі саудасымен күрес нәтижелерін көре алмай отырғаны туралы пікіріне түсініктеме берген Дж.Ордвей героин өндірісімен күрес осы елдегі АҚШ контингентінің басымдық берілген екі міндетінің бірі екенін, бірақ, есірткі саудасымен кешенді күрес қажет екенін алға тартты.

«Транзитті мемлекеттердің барлығы да өз еліне Ауғанстаннан есірткі тасымалдануына жол бермеуге күш салуға тиіс. Негізінен героин тұтынылатын елдер есірткіге деген сұранысты азайтуға, сондай-ақ, есірткі саудасының жүйесімен күрес тиімділігін арттыруға шаралар қолдануға тиіс»,- деді АҚШ елшісі.

Перейти к новостям спорта