Есірткі саудасымен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2005-жылы 477 млн. теңге бөлу қарастырылып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есірткі саудасымен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2005-жылы 477 млн. теңге бөлу қарастырылып отыр

Есірткі саудасымен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2005-жылы 477 млн. теңге бөлу қарастырылып отыр

Есірткі саудасымен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2005-жылы республикалық бюджеттен 477 млн. теңге бөлу қарастырылып отыр. Бұл туралы бүгін, 24-тамызда Астанада "Есірткі заттары, психотропты құралдар мен прекурсорлардың айналымына қатысты іс -қызметке лицензия беру жүйесін жетілдіру" тақырыбындағы семинар барысында ҚР ІІМ-нің Есірткі саудасымен күрес жөніндегі комитетінің мекемеаралық үйлестіру және профилактикалық басқармасының төрайымы Ольга Рыль құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Тамыз 2004
  • 400
Фото - Caravan.kz

Бұған қоса О.Рыльдың хабарлауынша, ІІМ-нің басшылығы, ҚР ҰҚК мен ҚР денсаулық сақтау министрліктері басшылығының пайымдауынша, 2005-жылы есірткі саудасымен және есірткі бизнесімен күрес мақсатына бюджеттен бөлінетін қаржы жеткіліксіз. «Біздің есептеуімізше, алдағы жылы бағдарламаны толыққанды жүзеге асыру үшін 1 млрд. теңгеден астам қаржы қажет»,- деді О.Рыль. Оның айтуына қарағанда, аталмыш мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру көлемін қайта қарау мәселесін аталмыш мекеменің басшысы республикалық бюджеттік комиссияның отырысында көтермекші.

2004-жылы есірткі саудасымен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 375 млн. теңге бөлінді.

Перейти к новостям спорта