Есірткі заттары тәркіленді
1 маусым мен 31 қазан аралығында ҚР ІІМ Көліктегі Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының жетекшілігімен «Кендір-2011» жедел іздестіру шарасы өткізілуде. |
Операция кезінде 900 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Көліктегі ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасында мәлім болды.
Осы жылдың 3 маусымында жедел іздестіру шаралары барысында Луговой стансасында «Бішкек-Новосібір» бағытындағы №385 жолаушылар пойызының вагонында Қырғыз Республикасының Ош облысында тұратын азаматша ұсталды. Тексеру кезінде одан салмағы 3 килограмм 914,700 грамм болатын «героин» заты тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің «аса ірі көлемде заңсыз тасымалдау немесе сату үшін заңсыз сақтау мақсатында» атты 259 баптың 3 бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Ал 4 маусым күні «Кендір-2011» жедел алдын алу операциясы аясында Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері мен «Альфа» атты қызметтік иттің көмегімен «Шу-Құмөзек» стансасында Өзбекстанның 1978 жылғы азаматы ұсталып, салмағы 717 келі «марихуана» есірткі заты алынды. Ұсталған адамға қатысты Қылмыстық Кодекстің 259 бабының 1 тармағы бойынша іс қозғалды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін