Caravan Logo

Есірткі заттары тәркіленді

Есірткі заттары тәркіленді

Операция кезінде 900 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Көліктегі ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасында мәлім болды.

Осы жылдың 3 маусымында жедел іздестіру шаралары барысында Луговой стансасында «Бішкек-Новосібір» бағытындағы №385 жолаушылар пойызының вагонында Қырғыз Республикасының Ош облысында тұратын азаматша ұсталды. Тексеру кезінде одан салмағы 3 килограмм 914,700 грамм болатын «героин» заты тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің «аса ірі көлемде заңсыз тасымалдау немесе сату үшін заңсыз сақтау мақсатында» атты 259 баптың 3 бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Ал 4 маусым күні «Кендір-2011» жедел алдын алу операциясы аясында Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері мен «Альфа» атты қызметтік иттің көмегімен «Шу-Құмөзек» стансасында Өзбекстанның 1978 жылғы азаматы ұсталып, салмағы 717 келі «марихуана» есірткі заты алынды. Ұсталған адамға қатысты Қылмыстық Кодекстің 259 бабының 1 тармағы бойынша іс қозғалды.