«Мәселе бақылау аясынан шығып барады, біздің бар жұмысымыз тиімсіз деп барша ата-аналар айтып жүр. Әлемдік статистика да қолайсыз ағымдардыан хабар береді»,- деді президент. Дейтұрғанмен, «мемлекеттердің күш-жігерімен дүниежүзінде есірткі тұтыну мөлшері азайғанын да статистика айтады», деді ол.
«Бұл проблеманың айрықша маңыздылығына байланысты Қауіпсіздік кеңесі оны бірнеше мәрте қарастырған. 2005-жылдың қараша айында жарлыққа қол қойылып, 2014-жылға дейінгі есірткімен күрес стратегиясының жобасы жасалды. Ол аталмыш мәселеге қатысты заңдар мен құқықтық базаны қабылдауға мүмкіндік жасады»,- деді Н.Назарбаев.
«Ағымдағы жылдың наурыз айындағы жолдауда Астананы қазіргі заманғы әлемдік стандарттарға сәйкес келетін қала ретінде дамыту басымдық берілген міндеттердің бірі ретінде айқындалған. Сол себепті Елордасы тек жаңашылдық идеялардың ғана емес, жалпы өңірдің рухани және мәдени орталығы болуға тиіс. Астананың сыртқы әсем кескін-келбетіне оның ішкі мән-мазмұны да сай келуге тиіс»,- деді мемлекет басшысы. «Ол үшін біз бірнеше ауқымды жоба жасауға тиіспіз. »
Олардың табысы бұл іспен айналысатындардың күш біріктіруіне тікелей байланысты. Біз міндетті түрде табысқа жетуге тиіспіз»,- деді Н.Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті