"Ескерткіш қойып, көше беріп жіберулерің ғана қалыпты" - Айгүл Орынбек өзін айыптағандарға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 511.37
  • 583.73
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ескерткіш қойып, көше беріп жіберулерің ғана қалыпты" - Айгүл Орынбек өзін айыптағандарға жауап берді

"Ескерткіш қойып, көше беріп жіберулерің ғана қалыпты" - Айгүл Орынбек өзін айыптағандарға жауап берді

Заңгер Айгүл Орынбек өзін айыптағандарға жауап берді.

  • 30 Мамыр
  • 37
Facebook

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Сыртқа шығып, аздап тынығып, ем алып келемін дегенім сол еді — бұл жақта біразың Айгүл Орынбектанушы болып кетіпсіңдер ғой!

Өзім де білмей жүрген “қасиетімді” сендер ашып, маған өзімді қайта танытып жатырсыңдар.

Мына қарқынмен ескерткіш қойып, көше беріп жіберулерің ғана қалыпты…

Қытайдың интернеті құрғыр дұрыс ұстамай қойды — сондықтан жазғандарыңды шәйі ішіп отырып, рахаттанып оқи алмадым.

Ал сендер менің атымды күні-түні шайнап, бар бәлені маған жауып, өздеріңше “әшкерелеп” әлек болдыңдар.

Жарайды, жалғастыра беріңдер.

«Ұлы Айгүл» туралы сериал әлі бітпеген сияқты ғой.

Бірақ бәріңе ескерту — басты кейіпкер мен екенімді ұмытпаңдар!

Сендердің режиссерлерің кім екенін мен жақсы білем…

Ал менің фильмімнің режиссері де, сценарисі де — өзім», — деп жазды заңгер.