Ескі айфонды апарып беріп, жаңа HTC смартфонын алуға болады - kaz.caravan.kz
  • $ 509.51
  • 570.6
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ескі айфонды апарып беріп, жаңа HTC смартфонын алуға болады

Ескі айфонды апарып беріп, жаңа HTC смартфонын алуға болады

Тайвань жеріндегі смартфон өндіруші HTC компаниясы тұтынушыларға арнап, қызықты шара өткізуде.

  • 24 Қараша 2015
  • 553
Фото - Caravan.kz

HTC өзінің жуырда шығарған жаңа One А9 смартфонын ескі алтыншы айфонды әкелген адамға ешбір ақысыз айырбастап беруге дайын, деп жазады деп жазады planet-today.ru.

Клиенттер тиімді шараға 26 қарашадан бастап, 2 желтоқсанға дейін қатысуға болады. НТС-тің көздеген басты мақсаты — One A9 моделінің сатылуын арттыру. Ал Apple корпорациясының бұл айырбасқа қатысты пікірі әзірге белгісіз. Сондай-ақ кез келген брендтің ескі смартфонын әкелген адамға компания ақша төлейді. Бірақ клиент бұл ақшаға тек HTC-тің өнімін сатып алуы тиіс. Мысалы, Samsung смартфоны үшін 200$, ал LG смартфоны үшін 100 доллар алуға болады, деп жазады 24.kz.